Талғат Орынбасар Циндаодағы Гран-при турнирінің екінші кезеңіне өтті

Бегасыл Амирбай ··
Фото: IJF

Фото: IJF

Қазақстандық дзюдошы Талғат Орынбасар Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан дзюдо бойынша Гран-при кезеңінің 1/16 финалына шықты.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен белдесуде Орынбасар австралиялық Джошуа Кацты жеңді. Қазақстандық спортшы вазари ұпайымен басым түсіп, кездесуді өз пайдасына шешті.

Енді Талғат Орынбасар келесі кезеңде словениялық Давид Старкелмен кездеседі.

Айта кетейік, Циндаодағы турнир олимпиадалық іріктеу ұпайлары берілетін рейтингтік жарыс.

Еске салайық, дзюдодан Циндао Гран-приі 26–28 маусым аралығында өтуде. Қазақстан құрамасынан бұл турнирге 19 спортшы қатысуда.