Елдос Сметов ширек финалда жеңілді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: IJF

Фото: IJF

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан дзюдодан Гран-при кезеңінің негізгі жарыс жолындағы өнерін аяқтады.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Олимпиада чемпионы ширек финалда франциялық Энцо Жанға есе жіберіп, жартылай финалға шыға алмады.

Соған қарамастан, Сметов жұбаныш белдесулерінде өнер көрсетуді жалғастырады. Қола жүлде үшін алғашқы кездесуінде қазақстандық өзбекстандық Самариддин Қучқаровпен кездеседі.

Айта кетейік, Циндаодағы Гран-при олимпиадалық іріктеу ұпайлары берілетін рейтингтік турнир.

Еске салайық, жарыс 26–28 маусым аралығында Қытайда өтуде. Бұл турнирге Қазақстан құрамасынан 19 спортшы қатысуда.