Ғұсман Қырғызбаев жартылай финалға шығу үшін Қытайдағы Гран-при турнирінде күреседі

Бегасыл Амирбай ··
Фото: IJF

Фото: IJF

Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан дзюдодан Гран-при кезеңінің ширек финалына шықты.

66 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалда 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері черногориялық Юсуф Нурковичті жеңді. Жартылай финалға жолдама алу үшін Қырғызбаев Әзербайжан өкілі Руслан Пашаевпен кездеседі.

Айта кетейік, Циндаодағы Гран-при спортшыларға Олимпиада жолдамасы үшін рейтингтік ұпайлар беретін маңызды турнир.

Еске сала кетейік, жарыс 26–28 маусым аралығында Қытайда өтуде. Бұл додада Қазақстан құрамасынан 19 спортшы бақ сынайды.

Ғұсман Қырғызбаев жартылай финалға шығу үшін Қытайдағы Гран-при турнирінде күреседі – sport-hub