Григорий Ломакин Қытайдағы «Челленджер» турнирінің іріктеу кезеңінен өте алмады

ҚР ҰОК
Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Қытайдың Унин қаласында өтіп жатқан ATP Challenger 50 турнирінің іріктеу кезеңіндегі өнерін аяқтады.
Іріктеудің шешуші кездесуінде қазақстандық спортшы ресейлік Алибек Качмазовпен ойнады. 1 сағат 5 минутқа созылған матчта Качмазов 6:1, 6:1 есебімен жеңіске жетті.
Ломакин бес эйс жасап, екі рет қосарланған қателік жіберді. Қазақстандық теннисші өз берулерінің бесеуінде ұтылып, турнирдің негізгі кезеңіне шығу үшін қарсыласына лайықты қарсылық көрсете алмады.
Еске салайық, іріктеу кезеңінің алғашқы матчында Ломакин Жаңа Зеландия өкілі Аджит Райдан 6:4, 7:6 есебімен басым түскен еді.
Осы маусымда Ломакин кәсіби деңгейде 25 жеңіске жетіп, 28 рет жеңіліс тапты.