Григорий Ломакин Тайбэйдегі ITF M25 турнирінің финалында жеңіліп қалды
Бөлісу

Фото: ҚТФ
Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Тайбэйде өткен ITF M25 турнирінің жұптық сынында чемпион атана алмады.
Финалда Ломакин эстондық Кристиан Тамммен бірге жапониялық Таисеи Итикава мен Масамити Имамураға қарсы ойнады. Қазақстандық-эстондық жұп қарсыластарына екі сетте – 4:6, 1:6 есебімен жол берді.
Осылайша, Ломакин биылғы маусымдағы жұптық үшінші титулына қол жеткізе алмады. Қаңтар айында ол үндістандық Ишак Экбалмен бірге Хайдарабадта өткен M15 турнирінде жеңімпаз атанған еді.
Қазақстандық теннисші екінші титулын маусым айында Қытайдың Мааньшань қаласында иеленді. Сол кезде оның серіктесі австралиялық Джошуа Чарльтон болды. Олар бірге M15 санатындағы турнирдің чемпионы атанды.