Григорий Ломакин Вьетнамдағы ATP турнирінің негізгі кезеңіне өтті

ҚР ҰОК
Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Вьетнамның Фантхьет қаласында өтіп жатқан ATP санатындағы «Челленджер 50» турнирінде негізгі кезеңде өнер көрсетеді.
Негізгі кезеңге шығу үшін Ломакинге іріктеу кезеңінен өту қажет болды. Іріктеудің шешуші матчында әлемдік рейтингте 906-орында тұрған қазақстандық ATP рейтингінде 997-сатыға жайғасқан үндістандық Адитья Вишал Балсекармен кездесті.
Қазақстандық теннисші матч барысын бақылауында ұстап, кездесуді екі сетте аяқтады. Ломакин 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Матч 1 сағат 41 минутқа созылды.
Phan Thiet 4 chall. (Ерлер, іріктеу кезеңі)
Ломакин (Қазақстан) – Вишал Балсекар (Үндістан) – 6:2, 6:4
Осылайша, қазақстандық теннисші Фантхьеттегі екінші турнир қатарынан негізгі кезеңнен бастайтын болды. Бұған дейінгі «Челленджер» турнирінде де Ломакин іріктеуден сәтті өткен, алайда негізгі кезеңнің бірінші айналымынан аса алмады.