Басты бет
·
Теннис

Григорий Ломакин жұптық «Челленджер» турнирінің ширек финалына шықты

Али Асетов··
Григорий Ломакин жұптық «Челленджер» турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық Григорий Ломакин мен Өзбекстан өкілі Сергей Фомин Қытайдың Унин қаласында өтіп жатқан Wuning 3 Chall. турнирінің жұптық сайысында ширек финалға жолдама алды.

Бірінші айналымда Ломакин/Фомин жұбы қазақстандық Бейбіт Жұқаев пен ресейлік Семен Панкиннен екі сетте басым түсті. Кездесу 6:3, 6:2 есебімен аяқталып, 57 минутқа созылды.

Қытай, Wuning 3 Chall., жұптық разряд, ерлер, 1/8 финал

Фомин/Ломакин – Панкин/Жұқаев – 6:3, 6:2

Кездесу барысында Ломакин мен Фомин жеті эйс жасап, екінші допта бірде-бір рет қос қателікке жол берген жоқ. Қазақстандық-өзбекстандық жұптың өз доп беру геймдерінің ешқайсысын қарсыластары ала алмады.

Ал жеңімпаздар сегіз брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

Енді Ломакин мен Фомин жартылай финалға шығу үшін таласады. Келесі кездесуде олар жапониялық Масамити Имамура – Наоки Тадзима жұбы мен ресейліктер Ярослав Демин – Тимофей Дерепаско жұбы арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.