Скатов Шанхайдағы «Мастерс» турнирінің негізгі кезеңіне өте алмады

Фото: US Open
Қазақстандық Тимофей Скатов ATP-1000 санатындағы Шанхай турнирінің іріктеу кезеңін аяқтап, шешуші матчта Бернард Томичтен жеңіліп қалды.
Қазақстандық теннисші австралиялық қарсыласына 5:7, 4:6 есебімен жол берді. Кездесу 1 сағат 23 минутқа созылды. Скатов алты эйс жасап, екі рет қосарланған қателік жіберді, өз добын екі рет бере салды және брейк-пойнттардың бірін де пайдалана алмады.
Скатов пен Томич кәсіби деңгейде алғаш рет кездесті. Іріктеудің алғашқы кезеңінде қазақстандық теннисші грек Стефанос Сакелларидисті 6:3, 6:2 есебімен сенімді жеңген еді.
Томич осы жеңісінің арқасында турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алды. Австралиялық теннисшінің Шанхайдағы ең үздік нәтижесі — 2015 жылғы ширек финал. Сол кезеңде ол Новак Джоковичтен жеңіліп қалған.