Гризманн «Орландо Сити» сапындағы дебютінде гол соғып, Мессиді еске алды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: «Орландо Сити» ФК

Фото: «Орландо Сити» ФК

Франция құрамасының бұрынғы шабуылшысы Антуан Гризманн «Орландо Сити» сапында дебют жасап, «Тампа-Бэй Раудиске» қарсы жолдастық матчта командасының 6:0 есебімен жеңуіне көмектесті.

35 жастағы француз негізгі құрамда алаңға шығып, 32-минутта есеп ашты. Сонымен қатар, екінші таймда нәтижелі паспен көзге түсті. Дебют қарсаңында Гризманн «Барселонадағы» бұрынғы әріптесі, қазір «Интер Майами» сапында ойнайтын Лионель Мессимен қайта кездесуді асыға күтетінін айтты.

«Маған дерби туралы көп айтты. Соңғы матчты көрдім. Мессиге қарсы қайта ойнау, сондай-ақ менің жақсы қарым-қатынасым бар Родриго Де Паульмен кездесудің өзі ерекше болады», – деді Гризманн.

Еске салайық, Антуан Гризманн америкалық клубқа шілде айында еркін агент ретінде ауысып, 2028 жылға дейін келісімшартқа қол қойған.

«Орландо Сити» келесі жолдастық кездесуін «Далласқа» қарсы өткізеді. Одан кейін команда MLS чемпионатындағы ойындарын жалғастырады. Үзілістен кейінгі алғашқы ресми матч 22 шілдеде өтеді. Қарсылас — «Сан-Хосе Эртквейкс».

Гризманн «Орландо Сити» сапындағы дебютінде гол соғып, Мессиді еске алды – sport-hub