Гштаадтағы Бублик пен Шевченко матчтары жаңбырға байланысты кейінге қалдырылды

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Швейцариядағы ATP 250 EFG Swiss Open Gstaad турнирінде қолайсыз ауа райы ойын күнінің аяқталуына кедергі келтірді.

Екінші айналымда қазақстандық Александр Бублик франциялық Кентен Галиге қарсы матчты аяқтай алмады. Екі сеттен кейін теннисшілер шешуші партияны бастаған еді, онда Бублик 6:5 есебімен алға шықты. Сол сәтте Гали есепті теңестіру үшін доп беруге дайындалып жатқан, алайда нөсер жаңбыр матчты тоқтатуға мәжбүр етті. Ойын 17 шілде, жұма күні жалғасады.

Әлемнің 11-ракеткасы үшін бұл турнирдің маңызы ерекше. Өткен маусымда Бублик Гштаадтағы жарыста чемпион атанған болатын, сондықтан биыл оған рейтингтік ұпайларын қорғау қажет. Сонымен қатар, сәтті өнер көрсетсе, ол осы маусымдағы екінші титулын жеңіп алуы мүмкін.

Ауа райына байланысты тағы бір қазақстандықтың матчы да аяқталмады. Александр Шевченко швейцариялық Доминик Штрикермен кездесуін жалғастыра алмады. Үзіліс кезінде алаң иесі алғашқы партияда 4:3 есебімен алда болды. Бұл матч та 17 шілде күні жалғасады.