Гүлім Құрманбаева Пара Азия ойындарында төртінші орын алды

Қазақстандық спортшы Гүлім Құрманбаева Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Пара Азия ойындарында пауэрлифтингтен 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде төртінші орынға ие болды.
Құрманбаева 111 келіні бағындырды. Қазақстандық спортшыға қола медаль алу үшін небәрі 2 келі жетпеді. Үшінші орынды Қытай өкілі Лан Юйжун 113 келі нәтижесімен иеленді.
Алтын медальді 124 келі көтерген тағы бір қытайлық спортшы Сяо Пэйцин жеңіп алды. Күміс жүлде 123 келіні бағындырған өзбекстандық Насиба Ташпулатоваға бұйырды. Осылайша, бірінші және екінші орын алған спортшылардың нәтижесі арасындағы айырмашылық 1 келіні құрады.
Айта кетейік, 2026 жылғы Пара Азия ойындары Жапонияда 18-24 қазан аралығында өтеді. Жарысты Айти префектурасы мен Нагоя қаласы қабылдап жатыр.