Ибрагимович Роналдуды әлем чемпионатынан кейін қатаң сынға алды

Аружан Талгат··
Ибрагимович Роналдуды әлем чемпионатынан кейін қатаң сынға алды

Атақты швед шабуылшысы Златан Ибрагимович 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Португалия құрамасы Испаниядан (0:1) жеңілгеннен кейін Криштиану Роналдуды сынға алды.

Ибрагимовичтің пікірінше, португалиялық команданың мәселелері турнир басталмай тұрып-ақ байқалған. Оның айтуынша, бас бапкер Роберто Мартинес күрделі шешім қабылдауға батылы жетпей, Роналдуға негізгі құрамнан орын беруді жалғастырған.

«Мен бұл туралы әлем чемпионатына дейін де айтқанмын, бірақ ол кезде ешкім тыңдамады. Қазіргі Португалия құрамасына қарасақ, шынын айтқанда, Криштиану – қосалқы құрамда отыруы тиіс жалғыз ойыншы. Ол команданың ойынын баяулатып, кедергі келтіреді. Роберто Мартинес оны алмастыруға батылы жетпеді. Шындық сол – Роналду бұрынғы деңгейінде емес және Португалия құрамасының негізгі құрамында ойнамауы керек», – деді Ибрагимович.

Еске салайық, Португалия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатындағы өнерін Испаниядан 0:1 есебімен жеңіліп, аяқтады. 41 жастағы Криштиану Роналду үшін бұл матч әлем чемпионаттарындағы соңғы ойын болды. Ал ойыннан кейін Роберто Мартинес ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кететінін мәлімдеді.

Ибрагимович Роналдуды әлем чемпионатынан кейін қатаң сынға алды – sport-hub