Португалия – Испания матчының бейнешолуы
Бөлісу

Фото: Getty Images
Испания құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалына шығып, Португалияны 1:0 есебімен жеңді.
Кездесудің тағдырын Микель Мерино шешті. Жартылай қорғаушы 85-минутта алаңға қосалқы құрамнан шығып, ойынға қосылған уақытта Ферран Торрестің нәтижелі пасынан кейін матчтағы жалғыз голды соқты.
Ширек финалда Испания құрамасы АҚШ – Бельгия жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, қазіргі әлем чемпионы – 2022 жылғы әлем чемпионатының финалында Францияны жеңген Аргентина құрамасы.
Португалия – Испания матчының ең жарқын сәттерінің бейнешолуын осы сілтеме арқылы тамашалаңыздар.