Испания – Португалия матчының үздік ойыншысы анықталды

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалындағы Испания мен Португалия арасындағы кездесудің қорытындысы бойынша матчтың үздік ойыншысы атағы Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Родриге берілді.

Жартылай қорғаушы алаңда барлық 90 минутты өткізіп, гол немесе нәтижелі паспен көзге түспесе де, командасының жеңісіне зор үлес қосты. Осы еңбегі үшін ол матчтың үздік ойыншысы атанды.

Арлингтондағы «Эй-Ти-энд-Ти» стадионында өткен кездесу Испанияның 1:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Жеңіс голын ойынға қосымша берілген уақыттың алғашқы минутында алаңға қосалқы құрамнан шыққан Микель Мерино соқты.

Айта кетейік, Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду матчты толық өткізгенімен, командасын турнирден шығып қалудан құтқара алмады. Flashscore статистикалық порталы оның ойынына 6,4 деген баға берді.

Испания – Португалия матчының үздік ойыншысы анықталды – sport-hub