Инфантино Мбаппеге бағытталған қоқан-лоқыны айыптады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: FFF

Фото: FFF

ФИФА президенті Джанни Инфантино Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппеге қатысты айтылған қоқан-лоқыдан кейін мәлімдеме жасады.

Бұған дейін Парагвай сенаторы Селеста Амарилья әлем чемпионатындағы матчтан кейін француз футболшысын түрмеге қамаумен қорқытқан болатын.

«Мбаппеге бағытталған мұндай мәлімдемелерді толықтай айыптаймын. Футбол әлемі Килианды қолдайды. Біз нәсілшілдіктің кез келген көрінісіне қарсы күресті жалғастыруымыз қажет. Осындай құбылыстарды футболдан да, қоғамнан да түбегейлі жою үшін жұмысымызды жалғастыра береміз», – деп жазды Инфантино әлеуметтік желідегі парақшасында.

Әлем чемпионатының ширек финалында Франция құрамасы Мароккомен кездеседі. Матч 10 шілде күні Қазақстан уақытымен сағат 01:00-де басталады.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнирдің финалы 19 шілдеде өтеді.