Мбаппе әлем чемпионатының мергендер тізімінде Мессиге жетті

ФИФА
Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе 2026 жылғы әлем чемпионатының үздік сұрмергендері қатарына көтерілді.
Әлем чемпионатының 1/16 финалында Швеция қақпасына екі гол соққан (3:0) француз шабуылшысы турнирдегі гол санын алтыға жеткізді. Осы көрсеткіш бойынша ол Аргентина құрамасының капитаны Лионель Мессимен теңесті. Алайда Месси алты голды үш матчта соқса, Мбаппеге бұл межеге жету үшін төрт ойын қажет болды.
Сонымен қатар Швеция қақпасына соққан екінші гол Мбаппе үшін әлем чемпионаттарындағы 18-гол болды. Осылайша, ол турнир тарихындағы үздік мергендер тізімінде екінші орынға көтеріліп, тек 19 голы бар Лионель Мессиге ғана жол береді.
Әлем чемпионаттары тарихындағы үздік 5 сұрмерген:
- Лионель Месси — 19 гол (29 матч);
- Килиан Мбаппе — 18 гол (18 матч);
- Мирослав Клозе — 16 гол (24 матч);
- Роналдо — 15 гол (19 матч);
- Герд Мюллер — 14 гол (13 матч).
Франция құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалына шығып, 5 шілдеде Парагваймен кездеседі.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир 19 шілдеде аяқталады.