Грэм Поттер Франциядан жеңілу себептерін түсіндірді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: SAF

Фото: SAF

Швеция құрамасының бас бапкері Грэм Поттер 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Франциядан 0:3 есебімен жеңілген ойынға қатысты пікір білдірді.

Маманның айтуынша, оның командасына деңгейі жоғары қарсылас тап болған.

«Бүгін мықты команда жеңіске жетті. Францияны құттықтаймын. Біз мінсіз ойын көрсетуіміз керек еді. Бірақ шынымды айтсам, тіпті ол да жеткіліксіз болуы мүмкін еді, өйткені қарсылас өте жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Өз ойыншыларыма ешқандай кінә артпаймын. Матчтан кейін оларға Франциядан жеңілудің еш ұят емес екенін айттым. Бұл – өте сапалы футболшылары бар мықты команда. Егер Франция құрамасының жетістіктері мен тәжірибесін бізбен салыстырсақ, біз әлі де дамып келе жатқан жас ұжымбыз. Алда бізді жарқын кезеңдер күтіп тұр деп сенемін.

Менің ойымша, бұл турнирді жақсы өткіздік. Құнды тәжірибе жинадық, Нидерландпен өткен кездесуден кейін күшімізді қалпына келтіріп, Жапониямен ойында қажетті ұпайға қол жеткіздік. Енді осының бәрі алдағы дамуымыздың негізі болуы керек.

Бұл әлем чемпионатында бірнеше футболшымыз осындай деңгейдегі турнирде алғаш рет ойнады. Бұл жағынан Франциямен айырмашылық үлкен. Осы тәжірибенің арқасында күшейе түсеміз. Жеңістер де, жеңілістер де команда мен әрбір ойыншының өсуіне ықпал етеді», – деді Поттер RFI басылымына.

2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Франция құрамасы 5 шілде күні Парагваймен кездеседі.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир 19 шілдеде аяқталады.