«Интер» бапкері «Реалдан» жеңілгеннен кейін командасына риза болды

Бекарыс Әлімхан··
«Интер» ФК

«Интер» ФК

«Интердің» бас бапкері Кристиан Киву мадридтік «Реалдан» (1:2) жеңілгеннен кейін пікір білдірді.

Киву командасының мінез көрсеткеніне риза болып, матч нәтижесін әділетсіз деп атады.

«Бүгін мен мінезі бар команданы көрдім. Біз маңызды дүние құрып жатырмыз. Мен де, команда да мұнда қалай болса солай ойнау үшін келген жоқпыз. Ойын барысында «Реалдың» айып алаңына жиі жақындадық деп ойлаймын. Білемін, матчтың мәні қауіпті сәттер мен голдарда деп айтады. Бірақ маған команданың дәл осы жерде көрсеткен ойыны ұнады.

Турнирдің бұл кезеңінде бізде әлі жеті матч бар. Үш ұпайды дәл осы жерде алғымыз келген, бірақ үйге әділетсіз жеңіліспен қайтып барамыз. Дегенмен біз күрескерміз. Біз дамығымыз келеді, алдымызға биік мақсаттар қоямыз. Бұдан да жақсы ойнауға тырысамыз», – деді Киву

Бірінші кезеңнің екінші турында «Интер» 14 қазанда өз алаңында «Брюггені» қабылдайды, ал «Реал» 15 қазанда сырт алаңда «Ромамен» кездеседі.

«Интер» бапкері «Реалдан» жеңілгеннен кейін командасына риза болды – sport-hub