«Интер Майами» Месси әкесі қайтыс болғаннан кейінгі алғашқы матчта «Леоннан» жеңілді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Imagn Images, USA Today Sports

Фото: Imagn Images, USA Today Sports

«Интер Майами» Лига кубогы аясындағы матчта мексикалық «Леоннан» жеңіліп қалды. Кездесу 3:2 есебімен мексикалық команданың пайдасына аяқталды.

Лига кубогы

«Интер Майами» – «Леон» – 2:3

Голдар: Пинтер 42, Брайт 53 – Арсила 50, 83, Домингес 61

Майами клубының сапында Даниэль Пинтер мен Янник Брайт гол соқты. Ал «Леон» құрамында Даниэль Арсила дубль жасаса, тағы бір голды Хуан Домингес еншіледі. «Интер Майамидің» капитаны Лионель Месси матчты қосалқы құрамда бастап, үзілістен кейін алаңға шықты.

Бұл Месси үшін әкесі Хорхе қайтыс болғаннан кейін клуб сапындағы алғашқы ойын болды. Бұған дейін футболшы команданың орналасқан жерінен кетіп, қоштасу рәсіміне қатысу үшін Аргентинаға барған еді.

«Леонмен» кездесуге дейін «Интер Майами» «Атлетико Сан-Луисті» 4:2 есебімен жеңіп, «Монтеррейге» 1:2 есебімен жол берген. Ал «Леон» бұған дейін «Нэшвиллді» 1:0, «Орландо Ситиді» 2:1 есебімен ұтқан.

Айта кетейік, Лига кубогы АҚШ-тың MLS және Мексиканың Liga MX лигаларындағы барлық клубтар қатысатын жыл сайынғы халықаралық футбол турнирі.

«Интер Майами» Месси әкесі қайтыс болғаннан кейінгі алғашқы матчта «Леоннан» жеңілді – sport-hub