Мессидің дублі «Интер Майамиге» Лига кубогындағы жеңісті сыйлады

Бекарыс Әлімхан··
«Интер Майами» ФК

«Интер Майами» ФК

«Интер Майами» Лига кубогы аясындағы матчта мексикалық «Атлетико Сан-Луисті» 4:2 есебімен жеңді.

Кездесудің 4-минутында «Атлетико Сан-Луис» жартылай қорғаушысы Родригес есеп ашты. 11-минутта Лионель Месси таразы басын теңестірді. 26-минутта Сеговия алаң иелерін алға шығарса, 44-минутта Месси дубль авторы атанды. Бірінші таймға қосылған уақытта Микаэль Мессидің пасынан кейін есепті 4:1-ге жеткізді. Екінші таймда Рафа Льоренте қонақтардың бір голын қайтарып, матчтың қорытынды есебін белгіледі – 4:2.

39 жастағы аргентиналық үшін бұл голдар 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін «Интер Майами» сапындағы алғашқы нәтижелі соққылар болды. Еске салайық, аталған мундиалда Аргентина құрамасы финалға дейін жетіп, Испаниядан 0:1 есебімен жеңілген еді.

Лига кубогының екінші турында «Интер Майами» мексикалық «Монтерреймен» кездеседі. Ойын 9 тамызға жоспарланған.