Каземиро «Интер Майамиге» ауысқаннан кейін Мессиді футбол құдайы деп атады

Бегасыл Амирбай ··
«Интер Майами» ФК

«Интер Майами» ФК

«Интер Майами» клубының жартылай қорғаушысы Каземиро америкалық командаға ауысу себептері туралы айтты.

Бразилиялық футболшы Мессимен бір командада ойнау мүмкіндігі клуб таңдаудағы басты факторлардың бірі болғанын жеткізді.

«Мен үшін ешқандай күмән болған жоқ. Мен бұл жерге барлық уақыттың ең ұлы футболшысымен бірге ойнау үшін келдім. Оның жанында ойнаудан ләззат алғым келеді, жеңіске жетуіне көмектескім келеді және оны одан да ұлы еткім келеді. Месси ең ұлылардың бірі, ол нағыз футбол құдайы, мен оған көмектескім келеді», – деп келтіреді Каземироның сөзін ESPN.

Бұған дейін Каземиро бірнеше жыл бойы мадридтік «Реалда» Криштиану Роналдумен бірге ойнаған. Сондай-ақ бразилиялық футболшы португалиялықпен «Манчестер Юнайтед» сапында да өнер көрсетті.

Еске салсақ, Каземиро «Интер Майами» сапындағы дебютін 26 шілде күні «Монреальға» қарсы матчта (1:0) өткізді.