Басты бет
·
Басқа спорт түрлері

Иран құрамасы Алматыдағы гандболдан Азия чемпионатында Гонконгты жеңді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Каирбек Тулегенов

Фото: Каирбек Тулегенов

Иранның әйелдер құрамасы Алматыда өтіп жатқан гандболдан Азия чемпионатының алғашқы матчында Гонконгты 33:16 есебімен жеңді.

Кездесу «Алматы» олимпиадалық даярлау орталығында өтті. Бірінші таймда ирандық гандболшылар 12 гол соғып, қарсыластарына жеті рет қана мергендік танытуға мүмкіндік берді.

Үзілістен кейін Иран құрамасы басымдығын одан әрі арттырып, екінші таймды 21:9 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Осылайша Иран құрамасы топтық кезеңді жеңіспен бастап, алғашқы екі ұпайына қол жеткізді.

А тобында Иран мен Гонконгтан бөлек Жапония, Қытай және Таиланд құрамалары өнер көрсетеді.

Келесі турда, 24 қарашада Иран Қытай құрамасымен кездеседі. Матч Қазақстан уақытымен сағат 17:00-де басталады. Ал Гонконг дәл сол күні сағат 11:00-де Жапонияға қарсы ойнайды.

Еске салайық, әйелдер арасындағы гандболдан Азия чемпионаты Алматыда 23 қараша мен 3 желтоқсан аралығында өтеді.

Жарысқа он ұлттық құрама қатысып жатыр. Турнир барысында командалар 2027 жылы Мажарстанда өтетін әлем чемпионатына берілетін төрт жолдаманы сарапқа салады.

Иран құрамасы Алматыдағы гандболдан Азия чемпионатында Гонконгты жеңді – sport-hub