Ислам Чесноков РПЛ-дегі дебюттік матчы үшін төмен баға алды

Aibar Rysdaulet··
Фото: ФК Крылья Советов

Фото: ФК Крылья Советов

Қазақстандық вингер Ислам Чесноков Ресей Премьер-лигасындағы дебюттік матчы үшін Flashscore порталынан 5,8 балл алды.

Ресей чемпионатының бесінші турында «Крылья Советов» сырт алаңда «Акронды» 3:0 есебімен жеңді. Чесноков Самара клубының негізгі құрамында алаңға шығып, 57 минут ойнады. Қазақстандық футболшы 54-минутта сары қағаз алды.

Flashscore Чесноковтың ойынына 5,8 деген баға қойды. Бұл көрсеткіш «Крылья Советов» сапында матчқа қатысқан барлық футболшылар арасындағы ең төмен нәтиже болды.

Осы жеңістің арқасында «Крылья Советов» Ресей чемпионатындағы алғашқы үш ұпайына қол жеткізді. Бес турдан кейін самаралық клубтың еншісінде бес ұпай бар.