Испания – Аустрия матчының тікелей көрсетілімі

Бегасыл Амирбай ··
Фото: FIFA

Фото: FIFA

Испания құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Аустрия командасына қарсы матч өткізеді.

Кездесу 3 шілде күні АҚШ-тың Инглвуд қаласындағы «Соу-Фай» стадионында өтеді. Басталу уақыты – Қазақстан уақыты бойынша 00:00.

Қазақстандық жанкүйерлер матчты «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен көре алады. Сондай-ақ ойынның ең қызықты сәттерін Sport-hub.kz Telegram-арнасында live режимінде бақылауға болады.

Еске салайық, бұған дейін Испания құрамасы H тобында жеті ұпай жинап, бірінші орынмен плей-офф кезеңіне шыққан болатын. Ал Австрия төрт ұпаймен J тобында екінші орын алып, 1/16 финалға жолдама алды.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады. Турнир тарихында алғаш рет оған 48 құрама қатысып отыр.