Испания мен Португалия Мароккомен бірге 2030 жылғы әлем чемпионатын өткізуден бас тартуы мүмкін

Фото: AP Photo/Antonio Sempere
Испания мен Португалияда 2030 жылғы футболдан әлем чемпионатын Мароккомен бірлесіп өткізуден бас тарту бастамасына қоғамдық әрі саяси қолдау күшейіп келеді.
Calcio&Finanza басылымының мәліметінше, турнирді бірлесіп ұйымдастырудан бас тарту туралы ұсынысты Испания мен Португалиядағы бірқатар саяси күштердің өкілдері көтерген. Олардың пікірінше, қазіргі жағдайды ескере отырып, әлем чемпионатын өткізу мәселесін қайта қарастыру қажет.
Испания премьер-министрінің орынбасары Йоланда Диас елдің Мароккомен ынтымақтастықтан бас тарту мәселесін ФИФА конгресінің қарауына ресми түрде шығаруға дайын екенін мәлімдеді.
Еске салайық, шілде айының соңында Марокко мен Испания арасындағы қарым-қатынас ауқымды миграциялық дағдарыстан кейін шиеленісе түсті. Екі тәулік ішінде 72 мыңнан астам заңсыз мигрант Испанияның Сеута қаласының шекарасын жаппай бұзып өтіп, кейбірі теңіз арқылы жүзіп өткен болатын.