Испания құрамасы де ла Фуэнтемен келісімшартты келесі әлем чемпионатына дейін ұзартпақ

Бегасыл Амирбай ··
Фото: RFEF

Фото: RFEF

Испания футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері Луис де ла Фуэнтемен жасалған келісімшартты ұзартуды жоспарлап отыр.

AS басылымының мәліметінше, 65 жастағы маманның қазіргі келісімі 2028 жылғы Еуропа чемпионаты аяқталғанға дейін жарамды. Федерация ынтымақтастықты 2030 жылғы әлем чемпионатына дейін жалғастыруды көздеп отыр. Айта кетейік, аталған мундиаль Испания, Марокко, Португалия, Парагвай, Уругвай және Аргентинада өтеді.

Луис де ла Фуэнте Испания құрамасын 2022 жылдың желтоқсанынан бері жаттықтырып келеді. Оның жетекшілігімен ұлттық команда 2022/23 жылғы УЕФА Ұлттар лигасында, 2024 жылғы Еуропа чемпионатында және 2026 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жетті.