Луис де ла Фуэнте: «Біз бәрін жеңіп шықтық. Бұл құрама – Испанияның мақтанышы»

Фото: RFEF
Испания құрамасының бас бапкері Луис де ла Фуэнте 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Аргентинаны 1:0 есебімен жеңгеннен кейін өз әсерімен бөлісті.
Испания құрамасы 2010 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионы атанып, өз тарихындағы екінші әлемдік титулын жеңіп алды. Матчтан кейін де ла Фуэнте футболшыларына алғыс айтып, бұл жеңістің өзі үшін айрықша мәнге ие екенін жеткізді.
«Мен осы буын футболшыларын ерекше мақтан тұтамын. Олар ортақ идеяны бойына сіңіріп, оны одан әрі дамытты және нағыз команданың, нағыз отбасының қандай болатынын көрсетті. Бұл – ерекше талант иелері. Осындай жігіттермен бірге осы жолдан өткенім – мен үшін зор мәртебе. Қазір өткенге көз жүгіртсем, ерекше сезімдемін. Біз футболшылармен көп сөйлестік. Бүгінде қол жеткізуге болатын барлық титулды жеңіп алдық. Бұл – керемет жетістік. Осы буын Испания үшін үлкен мақтаныш. Біз бірге болғанда ғана күштіміз.
Меніңше, бұл матч бұрынырақ аяқталуы керек еді. Эмилиано Мартинестің тамаша сейвтері бізге жеңісті ертерек тойлауға мүмкіндік бермеді. Бірақ бұл әлем чемпионатының финалы. Қарсылас кездесудің соңында он ойыншымен қалса да, соңына дейін сабыр сақтап, төзім таныту қажет болды», – деді де ла Фуэнте FIFA-ға берген сұхбатында.
Еске салайық, Испания H тобында бірінші орын алып, плей-офф кезеңінде Аустрияны (3:0), Португалияны (1:0), Бельгияны (2:1), Францияны (2:0) және финалда Аргентинаны (1:0) жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Ал команданың турнирдегі үздік мергені Микель Оярсабаль сегіз матчта бес гол соғып, бір нәтижелі паспен көзге түсті.