Лапорта ӘЧ финалы туралы: «Испания жеңіске жетеді»

Бегасыл Амирбай ··
Фото: PartidazoCOPE

Фото: PartidazoCOPE

«Барселона» клубының президенті Жоан Лапорта 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Испания мен Аргентина құрамалары арасындағы матчқа қатысты пікірін білдірді.

Турнирдің жартылай финалында Испания құрамасы Францияны 2:0 есебімен жеңсе, Аргентина Англияны 2:1 есебімен ұтты.

«Біз команда ретінде мықтымыз. Егер төреші мінез көрсетіп, ойынды бақылауда ұстай алса, онда Испания құрамасының жеңіске жету мүмкіндігі жоғары болады. Төреші қатаңдық танытуы керек», – деді Лапорта PartidazoCOPE басылымына берген сұхбатында.

Испания мен Аргентина арасындағы 2026 жылғы әлем чемпионатының финалы 20 шілде күні өтіп, Қазақстан уақыты бойынша сағат 00:00-де басталады.