Испания ойыншылары ӘЧ үшін берілетін сияқыны алмауы мүмкін
Бөлісу

Фото: ФИФА
Испания ұлттық құрамасының футболшылары 2026 жылғы әлем чемпионатындағы ойыны үшін берілетін сыйақыны алмауы мүмкін. Бірақ бұл тек егер команда турнирден 1/4 финалға дейін жетпей шығып қалса ғана орын алады.
Бұл туралы Actu Foot басылымы L’Équipe деректеріне сілтеме жасап хабарлайды.
Яғни, испан ойыншыларының ұстанымы мынадай: егер олар кем дегенде ширек финалға (1/4 финалға) дейін жетсе, сыйақыны алады. Ал одан ерте ұтылып қалса, ақша алудан бас тартуы мүмкін.
Айта кетейік, Испания Еуро-2024 кезінде де дәл осындай жүйені қолданған және ол турнирде жеңіске жеткен еді.