Тунис құрамасы бас бапкерін қызметінен босатты
Бөлісу

Фото: ФИФА
Бұл туралы журналист Ромен Молина X (бұрынғы Twitter) желісінде хабарлады.
Тунис құрамасы 2026-ӘЧ топтық кезеңіндегі алғашқы ойында Швециядан 1:5 есебімен ойсырай жеңілген.
Франциялық маман Сабри Лямуши 2026 жылдан бері Тунис құрамасын жаттықтырып келген. Бұған дейін ол «Кардифф Сити», «Ноттингем Форест», «Аль-Духаиль», «Ренн» клубтарын және Кот-д’Ивуар ұлттық құрамасын басқарған.