Испания құрамасы әлем чемпионатына баратын ойыншылар тізімін жариялады

Темирлан Мажекенов ··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Испания құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына қатысатын ұлттық команданың құрамын жариялады. Турнир алдағы жазда АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтеді.

Бас бапкер Луис де ла Фуэнте тізімге 12 клубтан 26 футболшыны енгізді.

Қақпашылар: Унай Симон («Атлетик»), Давид Райя («Арсенал»), Жоан Гарсия («Барселона»).

Қорғаушылар: Педро Порро («Тоттенхэм»), Маркос Льоренте, Марк Пубиль (екеуі де — «Атлетико»), Эмерик Ляпорт («Атлетик»), Пау Кубарси, Эрик Гарсия (екеуі де — «Барселона»), Марк Кукурелья («Челси»), Алехандро Гримальдо («Байер»).

Жартылай қорғаушылар: Родри («Манчестер Сити»), Мартин Субименди, Микель Мерино (екеуі де — «Арсенал»), Гави, Педри, Дани Ольмо (барлығы — «Барселона»), Фабиан Руис («ПСЖ»).

Шабуылшылар: Алекс Баэна («Атлетико»), Ферран Торрес, Ламин Ямаль (екеуі де — «Барселона»), Нико Уильямс («Атлетик»), Йереми Пино («Кристал Пэлас»), Микель Оярсабаль («Реал Сосьедад»), Виктор Муньос («Осасуна»).

Еске салайық, де ла Фуэнте шәкірттері топтық кезеңде Кабо-Верде (15 маусым), Сауд Арабиясы (21 маусым) және Уругваймен (27 маусым) кездеседі. Оған дейін пиренейлік команда Иракпен (4 маусым) және Перумен (9 маусым) жолдастық матчтар өткізеді.

Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.

Испания құрамасы әлем чемпионатына баратын ойыншылар тізімін жариялады – sport-hub