Өзбекстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына кеңейтілген құрамын жариялады

Фото: УФА
Өзбекстан құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына арналған кеңейтілген құрамын таныстырды.
Команданың бас бапкері Фабио Каннаваро өтінімге 30 футболшыны енгізді. Алайда турнирге 26 ойыншы барады. Тағы төрт футболшы ықтимал жарақат жағдайына байланысты резервке қосылған.
Қақпашылар: Уткир Юсупов («Навбахор»), Ботирали Эргашев («Нефтчи»), Абдувахид Нематов («Насаф»).
Қорғаушылар: Авазбек Улмасалиев (ОКМК), Жахонгир Урозов («Динамо»), Рустам Ашурматов («Истиклол»), Умар Эшмуродов («Насаф»), Абдуқодир Хусанов («Манчестер Сити»), Абдулла Абдуллаев («Дибба»), Фаррух Сайфиев («Нефтчи»), Хожиакбар Алижонов («Пахтакор»), Шерзод Насруллаев («Пахтакор»), Бехруз Каримов («Сурхон»).
Жартылай қорғаушылар: Шерзод Эсанов («Бухара»), Одил Хамробеков («Трактор»), Акмал Мозговой («Пахтакор»), Отабек Шукуров («Бани Яс»), Жамшид Искандеров («Нефтчи»), Жасур Жалолиддинов («Согдиана»), Азиз Ганиев («Аль-Батаех»), Умарали Рахмоналиев («Сабах»).
Шабуылшылар: Аббос Файзуллаев («Истанбул Башакшехир»), Жалолиддин Машарипов («Истиклол»), Достон Хамдамов («Пахтакор»), Остон Урунов («Персеполис»), Руслан Жиянов («Навбахор»), Азиз Амонов («Динамо»), Шерзод Темиров («Эрбиль»), Игорь Сергеев («Персеполис»), Элдор Шомуродов («Истанбул Башакшехир»).
Әлем чемпионаты басталар алдында өзбекстандықтар Канада және Нидерланд құрамаларымен жолдастық матчтар өткізеді.
2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика стадиондарында өтеді. Топтық кезеңде Өзбекстан құрамасы Колумбия, Португалия және Конго Демократиялық Республикасы құрамаларымен кездеседі.