Италиялық «Комо» тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасына жолдама алды

А-Сериясының соңғы, 38-турында «Комо» сырт алаңда «Кремонезені» 4:1 есебімен жеңді.
«Комо» сапында матчтың басты қаһарманы Лукас да Кунья болды. Франциялық жартылай қорғаушы дубль авторы атанып, 74-минутта пенальтиден гол соқты, ал 81-минутта тағы бір мәрте мергендігімен көзге түсті. Оған дейін алаң қожайындары сапында Хесус Родригес (36-минут) пен Анастасиос Дувикас (51-минут) гол соққан болатын. «Кремонезенің» жалғыз добын 55-минутта Федерико Бонаццоли енгізді.
Италия чемпионатының қорытындысы бойынша Сеск Фабрегас баптайтын «Комо» 71 ұпаймен төртінші орын алып, клуб тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасына жолдама алды. Ал «Кремонезе» 18-орынға тұрақтап, А-Сериясымен қоштасты.
Келесі маусымда Италия атынан басты еурокубок додасында «Интер», «Наполи» және жеті жылдан кейін Чемпиондар лигасына оралған «Рома» да өнер көрсетеді.