Кабо-Верде қақпашысы Испаниямен матчтан кейін көз жасын неге тыйа алмағанын айтты

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Кабо-Верде құрамасының қақпашысы Жозимар Возинья 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Испанияға қарсы бірінші тур матчынан кейін неге көзіне жас алғанын түсіндірді.

40 жастағы қақпашының айтуынша, мұндай эмоционалды сәтке оның өміріндегі маңызды адамдардың жанында болмауы себеп болған.

«Ойыннан кейін мен жылап жібердім, өйткені мені өсірген әжем мен атам есіме түсті. Олар бірнеше жыл бұрын өмірден өткен. Сонымен қатар, анам матчқа келе алмады, себебі виза мәселелері мен шығындарға байланысты қиындықтар болды. Барлығын уақытында шеше алмадық», – деді ол The Athletic басылымына берген сұхбатында.

Испания мен Кабо-Верде кездесуі 0:0 есебімен аяқталды. Возинья матчтың басты қаһармандарының бірі болды: ол толық ойын өткізіп, жеті сейв жасап, қақпасын голдан сақтап қалды. Сенімді ойыны үшін ол матчтың үздік ойыншысы атанды.

Кабо-Верде құрамасы келесі ойынын 22 маусым күні Уругвайға қарсы өткізеді, ал 27 маусымда Сауд Арабиясымен кездеседі.

Кабо-Верде қақпашысы Испаниямен матчтан кейін көз жасын неге тыйа алмағанын айтты – sport-hub