«Кайсар Арена» Чемпиондар лигасы матчтарын қабылдауға рұқсат алды

Бегасыл Амирбай ··
«Қайсар» ФК

«Қайсар» ФК

Қызылордадағы "Қайсар Арена" стадионы шілде айындағы УЕФА инспекциясынан өтіп, IV санатқа ие болды.

Бұл санат стадионға халықаралық ресми матчтарды, соның ішінде УЕФА Чемпиондар лигасы, УЕФА Еуропа лигасы және УЕФА Конференциялар лигасы ойындарын өткізуге мүмкіндік береді.

«Қайсар Арена» 2025 жылдың қазан айында пайдалануға берілді. Стадион 11 мың көрерменге арналған. Bes media мәліметінше, нысан құрылысына Қызылорда облысының бюджетінен 20,9 млрд теңге бөлініп, жоба толық аяқталғаннан кейін оның жалпы құны 26,5 млрд теңгені құраған.

Айта кетейік, бұл арена тәуелсіз Қазақстанда салынған үшінші стадион болып саналады. Бұған дейін «Астана Арена» және «Түркістан Арена» бой көтерген еді.

Қазіргі таңда стадион «Қайсар» клубының үй алаңы. Қазақстан Премьер-лигасының 18 турынан кейін қызылордалық команда 19 ұпаймен турнир кестесінде 10-орында тұр.