«Қайсар» клубы жаңа басқарушы директорын тағайындады
Бөлісу

«Қайсар» ФК
Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы Бақытжан Пазылхайырдың клубтың басқарушы директоры қызметіне тағайындалғанын ресми түрде хабарлады.
Бақытжан Пазылхайыр – Қызылорда қаласының тумасы. «Қайсарға» келгенге дейін ол Қазақстан футбол федерациясында атқарушы директор, сондай-ақ кәсіби клубтар арасындағы жарыстарды ұйымдастыру дирекциясының жетекшісі қызметтерін атқарған.
Бұған дейін маман Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінде, Amanat партиясында, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында басшылық қызметтерде жұмыс істеген.
Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасының 16 турында «Қайсар» 16 ұпай жинап, турнирлік кестеде 11-орында тұр.