«Қайсар» ҚПЛ-да тәжірибесі бар қорғаушыны қатарына қосты

Фото: страница napredak.official Instagram парақшасы
Қайсар клубы ресми түрде серб қорғаушысы Стефан Букорацпен келісімшартқа отырғанын хабарлады.
35 жастағы футболшы үшін бұл Қазақстан чемпионатына қайта оралу болмақ. Ол бұған дейін ҚПЛ-да өнер көрсетіп, өзін тәжірибелі легионер ретінде танытқан.
Соңғы екі маусымды Букорац Сербияның «Напредак» клубында өткізді. Осы аралықта ол 64 матчқа қатысып, 4 гол соқты.
Қазақстандық жанкүйерлер қорғаушыны Ақтаудың «Каспий» және Қарағандының «Шахтер» клубтарындағы ойынымен жақсы таниды. 2020–2023 жылдар аралығында ол командалардың негізгі құрамында тұрақты ойнаған тәжірибелі легионерлердің бірі болды.
Transfermarkt дерегіне сәйкес, футболшының нарықтық құны шамамен 100 мың еуро.
Қазіргі таңда ҚПЛ-де 14 турдан кейін «Қайсар» 13 ұпай жинап, турнир кестесінде 12-орында тұр.