Басты бет
·
Хоккей

«Калгари» ҰХЛ матчында «Питтсбург» қақпасына алты шайба соқты

Бекарыс Әлімхан··
Фото: ХК «Калгари Флэймз»

Фото: ХК «Калгари Флэймз»

«Калгари Флэймз» Ұлттық хоккей лигасының (ҰХЛ) тұрақты чемпионатында сырт алаңда «Питтсбург Пингвинзді» 6:3 есебімен жеңді.

Питтсбург (АҚШ). ҰХЛ. Тұрақты чемпионат.

«Питтсбург Пингвинз» – «Калгари Флэймз» – 3:6

Шайбалар: Новак (17), Малкин (35), Ракелль (36) – Фараби (21), Отман (27), Цыплаков (31), Строум (36), Кастанья (50), Шарангович (58).

Алаң иелері 17-минутта Томми Новактың дәл соққысының арқасында есеп ашты. Алайда екінші кезеңде «Калгари» ойын тізгінін өз қолына алып, қарсылас қақпасына төрт шайба соқты.

Алдымен Джоэль Фараби есепті теңестірсе, кейін Бреннан Отман мен Максим Цыплаков қонақтарды алға шығарды.

«Питтсбургтің» ресейлік шабуылшысы Евгений Малкин сан басымдығын пайдаланып, есеп айырмасын қысқартты. Бірақ арада небәрі 21 секунд өткенде Райан Строум «Калгаридің» басымдығын қайта ұлғайтты.

Екінші үзіліске дейін Рикард Ракелль алаң иелерінің үшінші шайбасын соқты.

Үшінші кезеңде «Калгари» жеңісті уысынан шығармады. 50-минутта Джонатан Кастанья мергендігімен көзге түссе, кездесудің соңында Егор Шарангович бос қақпаны дәл көздеп, матчтың қорытынды есебін орнатты – 6:3.

Осы жеңістен кейін «Калгари» 26 матчта 24 ұпай жинап, Тынық мұхиты дивизионында үшінші орынға жайғасты.

Ал 24 кездесуде 16 ұпай еншілеген «Питтсбург» Метрополитен дивизионында сегізінші орында тұр.

Келесі ойында «Калгари» 27 қарашада сырт алаңда «Нью-Джерси Дэвилзбен» кездеседі. Ал «Питтсбург» 28 қарашада «Баффало Сэйбрзге» қонаққа барады.

«Калгари» ҰХЛ матчында «Питтсбург» қақпасына алты шайба соқты – sport-hub