Канада құрамасы әлем чемпионаты қарсаңында бас бапкерімен келісімшартын ұзартты

Фото: Franz Kirchmayr
Канада футбол қауымдастығы (Canada Soccer) бас бапкер Джесси Маршпен келісімшарттың ұзартылғанын ресми түрде хабарлады.
52 жастағы америкалық маманмен жасалған жаңа келісім 2030 жылға дейін есептелген.
Марш Канада құрамасын 2024 жылдан бері жаттықтырып келеді. Оның жетекшілігімен команда 12 жеңіске жетіп, 12 матчта тең ойнап, бес рет жеңіліс тапты. Канада құрамасы 2024 жылғы Америка кубогына қатысып, Оңтүстік Американың басты халықаралық турниріндегі дебютінде төртінші орынға тұрақтаған еді.
2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде канадалықтар Босния және Герцеговина, Катар және Швейцария құрамаларымен кездеседі.
Еске салайық, футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтеді.