Карим Иминжанов Азия ойындарында ушу-саньдадан 1/8 финалда жеңілді
Бөлісу

Фото: Нұрғали Жұмағазы
Қазақстандық спортшы Карим Иминжанов Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында ушу-саньдадан ширек финалға шыға алмады.
Иминжанов ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. 1/8 финалдағы жекпе-жекте оның қарсыласы Вьетнам өкілі болды. Кездесу қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы 0:2 есебімен жеңіліп, турнирдегі жүлде үшін күресін тоқтатты.
Бұған дейін Алина Шоссова да осындай нәтиже көрсетті. Қазақстандық спортшы 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, плей-оффтың алғашқы кезеңінен өте алмады.
Осылайша, Иминжанов пен Шоссова ушу-саньдадан Азия ойындарындағы жарысын 1/8 финалда аяқтады.