«Каролина Харрикейнз» капитаны «Вегаспен» болған матч жайында пікір білдірді

Фото: «Каролина Харрикейнз» ХК
«Каролина Харрикейнз» командасының капитаны Джордан Стаал Стэнли кубогы финалының төртінші матчында «Вегас Голден Найтсты» жеңгеннен кейін өз командасының мінезін ерекше атап өтті.
5:3 есебімен аяқталған кездесуден кейін Стаал финалдық серияның өте тартысты әрі эмоцияға толы өтіп жатқанын айтты.
«Бұл шынымен де кермет серия болып жатыр, солай емес пе? Мұнда эмоция да көп, өрлеу де, құлдырау да жетерлік. Бүгін үшінші кезеңдегі ойынымызға мақтанамын. Ал екінші кезең біз үшін сәтті болмады, ойын тағы да екі жаққа кезек ауып отырды.
Үшінші кезеңде өз жоспарымыздан айнымадық. Сабыр сақтап, гол соғудың жолын таптық. Меніңше, біз шайба үшін күресте және оны өз қақпамызға жеткізбеуде өте жақсы жұмыс атқардық. Бұл ретте қақпашымыз Брэндон Басси үлкен рөл ойнады. Керемет матч болды», – деді Стаал клубтың баспасөз қызметіне.
Осылайша, төрт матчтан кейін финалдық сериядағы есеп 2:2 болды. Стэнли кубогы финалының бесінші ойыны 12 маусым күні өтеді.