Басты бет
·
Теннис

Каспер Рууд Шанхайдағы турнирде Лернер Тьенді жеңді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: x_@ivabianconero

Фото: x_@ivabianconero

Норвегиялық теннисші Каспер Рууд Шанхайда өтіп жатқан ATP-1000 санатындағы турнирдің 1/8 финалына шықты. Ол америкалық Лернер Тьенді жеңді.

Кездесу 1 сағат 43 минутқа созылып, 6:4, 7:6 (7:3) есебімен аяқталды. Рууд 13 эйс жасап, үш рет қос қателік жіберді және тоғыз брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды. Ал Тьен жеті эйс орындап, бес рет қос қателік жіберді. Америкалық теннисші қарсыласының сервисін бұзуға берілген екі мүмкіндіктің ешқайсысын жүзеге асыра алмады.

Бұл норвегиялық теннисшінің турнирдегі екінші жеңісі болды. Бұған дейін ол қытайлық Бу Юньчаокэтэні 6:1, 7:6 (7:2) есебімен ұтқан еді. Ал Тьен Руудпен кездескенге дейін отандасы Захари Свайданы 7:5, 7:5 есебімен жеңді.

Төртінші айналымда Рууд әлемнің алтыншы ракеткасы Феликс Оже-Альяссиммен кездеседі. Канадалық теннисші үшінші айналымда испаниялық Пабло Карреньо-Бустаны 6:3, 4:6, 6:1 есебімен жеңген болатын.

Айта кетейік, Шанхайдағы «Мастерс» турнирі 7-18 қазан аралығында хард корттарында өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 9,4 миллион доллардан асады.

Каспер Рууд Шанхайдағы турнирде Лернер Тьенді жеңді – sport-hub