Кэррик «Манчестер Юнайтедтен» кетеді деген қауесетке жауап берді

«Манчестер Юнайтед» ФК
«Манчестер Юнайтед» командасының бас бапкері Майкл Кэррик Англия клубындағы болашағына қатысты пікір білдірді. Соңғы сәтсіз нәтижелерден кейін маманның қызметінен кетуі мүмкін деген ақпарат тараған еді.
Англия Премьер-лигасының тоғызыншы турында «Челсимен» өтетін матч алдындағы баспасөз мәслихатында бапкерден клуб басшылығы қызметінде қалатынына кепілдік берді ме деп сұрады.
«Маған ешкімнің кепілдігі қажет емес. Мен жағдайды толық түсінемін. Бұл жұмыстың мәнін, міндеттерін және оның жауапкершілігін жақсы білемін. Сондықтан бұл мәселеде ешкімнің сендіруі немесе уәдесі қажет емес», – деп келтіреді Кэрриктің сөзін «Манчестер Юнайтед» клубының ресми сайты.
Маманның болашағына қатысты сұрақтар «Борнмуттан» өз алаңында 0:3 есебімен жеңілгеннен кейін көбейді. Осылайша манкуниандықтар барлық турнирде қатарынан сегіз матч бойы жеңіске жете алмады.
АПЛ-дің сегіз турында жеті ұпай жинаған «Манчестер Юнайтед» турнир кестесінде 16-орында тұр. Команда бір рет жеңіске жетіп, төрт рет тең ойнаған және үш рет жеңілген. Ал «Челси» 13 ұпаймен бесінші сатыда келеді.
Екі команда арасындағы кездесу 31 қазанда Лондондағы «Стэмфорд Бридж» стадионында өтеді.