Хаби Алонсо Сатпаевтың «Челси» сапындағы алғашқы голына эмоциямен жауап берді

Аружан Талгат··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

«Челсидің» ресми әлеуметтік желілерінде австралиялық «Вестерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы өткен жеңісті жолдастық матчтан (6:4) жаңа видео жарияланды. Онда Дастан Сатпаевтың дебюттік голына ерекше назар аударылған.

Бейнежазбада қазақстандық шабуылшының гол соққан сәті көрсетіліп, кейін кадрға лондондық клубтың бас бапкері Хаби Алонсо түседі. Ол бұл голды қол шапалақтап қарсы алған. Бұл эпизод жанкүйерлер арасында тез тарап, бапкердің жас ойыншының ойынына жіті мән беріп отырғанын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Айта кетейік, қазіргі таңда Сатпаев «Челсидің» негізгі құрамымен бірге Австралиядағы маусымалды турнеде жүр. Келесі бақылау матчын лондондықтар 1 тамыз күні «Тоттенхэмге» қарсы өткізеді. Ойынның басталуы — Астана уақытымен 14:45.

Қазақстандық форвардтың «Челсимен» ресми келісімшарты 12 тамызда, яғни футболшы 18 жасқа толған күні күшіне енеді.