Басты бет
·
АО-2026

Шевченко мен Скатов Азия ойындарының ширек финалына шықты

Али Асетов··
ҚТФ

ҚТФ

Александр Шевченко мен Тимофей Скатов Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарының ерлер арасындағы жұптық сынында сәтті өнер көрсетіп жатыр.

1/8 финалда Қазақстан өкілдерінің қарсыластары Өзбекстан теннисшілері Сергей Фомин мен Хумоюн Сұлтанов болды. Кездесу Шевченко мен Скатовтың 6:4, 6:2 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

Бірінші сетте қос жұп та шамалас ойын көрсетті. Алайда бір брейк Қазақстан теннисшілеріне партияда жеңіске жетуге жеткілікті болды. Үзілістен кейін Шевченко мен Скатов қарқынын арттырып, бастаманы бірден өз қолдарына алды. Екінші сетте Фомин мен Сұлтанов небәрі екі гейм алып, 2:6 есебімен жеңілді.

Қазақстандық жұптың келесі қарсыласы Жапония өкілдері Юсукэ Кусухара мен Сюнсукэ Накагава және Оңтүстік Корея теннисшілері Квон Сун У мен Хон Сон Чхан арасындағы матчта анықталады.

Бұл кездесудің жеңімпазы Шевченко мен Скатовқа қарсы жартылай финалға жолдама үшін таласады.