Басты бет
·
АО-2026

Евсеев пен Жұқаев Азия ойындарында Үндістан жұбына есе жіберді

Али Асетов··
ҚТФ

ҚТФ

Қазақстандық теннисшілер Денис Евсеев пен Бейбіт Жұқаев Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының ерлер арасындағы жұптық сынында жарысты аяқтады.

Екінші айналымда қазақстандық жұп Үндістан өкілдері Юки Бхамбри мен Дхакшинесвар Сурешке қарсы ойнады. Үндістандық теннисшілер екі сетте жеңіске жетті. Матч 6:1, 7:5 есебімен аяқталды.

Евсеев пен Жұқаев жарысты Гонконг жұбын сенімді жеңуден бастаған еді. Алғашқы кездесуде қазақстандықтар екі сетте де басым түсіп, 6:1, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Ерлер арасындағы жекелей сында Қазақстан сапынан Александр Шевченко мен Тимофей Скатов жарысты жалғастырып жатыр.

Айта кетейік, ХХ жазғы Азия ойындары Айти мен Нагояда 4 қазанға дейін өтеді.