Басты бет
·
АО-2026

Қазақстандық теннисшілер Азия ойындарында үшінші айналымға шықты

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Никита Басов

Фото: Никита Басов

Қазақстандық теннисшілер Айти мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында сәтті өнер көрсетіп, жекелей және жұптық разрядта төрт жеңіске жетті.

Әйелдер арасындағы жекелей сында Юлия Путинцева екінші айналымда Қытай Тайбэйінің өкілі Яй Янмен кездесті. Қазақстандық теннисші қарсыласын екі сетте 6:3, 6:1 есебімен жеңіп, жарыстың үшінші айналымына жолдама алды.

Ерлер арасындағы бәсекеде Александр Шевченко мен Тимофей Скатов жарысты жалғастырды. Шевченко Непал өкілі Абхишек Бастолуды 6:2, 6:2 есебімен жеңсе, Скатов Үндістан спортшысы Казра Рахманиді үш сетте – 2:6, 6:3, 6:3 есебімен ұтты.

Путинцева бұған дейін Анна Данилинамен бірге жұптық сында да кортқа шыққан. Қазақстандықтар бірінші айналымда Үндістан өкілдері Рутуджа Бхосале мен Анкита Раинадан 5:7, 6:3, 10:5 есебімен басым түсті.

Еске салайық, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.

Қазақстандық теннисшілер Азия ойындарында үшінші айналымға шықты