Басты бет
·
АО-2026

Қазақстан құрамасы Азия ойындарында Өзбекстанды жеңді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Нургали Жумагазы

Фото: Нургали Жумагазы

Қазақстан ерлер құрамасы Айти мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы волейбол турнирінде Өзбекстанды төрт партияда жеңіп, алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Сергей Трикоз жаттықтыратын команда алғашқы сетте жеңіліп қалғанымен, кейін қатарынан үш партияда жеңіске жетіп, жалпы есепте 3:1 (13:25, 25:22, 25:22, 25:17) есебімен басым түсті.

Бұған дейін Қазақстан Пәкістаннан (1:3) және Жапониядан (0:3) жеңіліп, медаль үшін күресу мүмкіндігінен айырылған еді. Өзбекстанды жеңгеннен кейін Қазақстан құрамасы 9-16 орындар үшін таласын жалғастырады.

2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.