Қазақстан велотректен Азия ойындарының қола жүлдесі үшін таласады

Фото: Владислав Семенов
Қазақстан ерлер құрамасы 2026 жылғы Азия ойындарында велотректен командалық ізге түсу жарысында медаль алу мүмкіндігін сақтап қалды. Қазақстандықтар үшінші орын үшін өтетін жарысқа қатысады.
Бірінші раундта қазақстандықтар қашықтықты 3 минут 51,589 секундта бағындырды. Ал Қытай құрамасы 3:49,845 нәтиже көрсетіп, қарсыласынан 1,744 секундқа озып, финалға жолдама алды.
Қазақстан құрамында Илья Карабутов, Максим Хорошавин, Рамис Дінмұхаметов, Дмитрий Носков және Алишер Жұмақан өнер көрсетті. Қола медаль үшін жарыс 30 қыркүйекте өтеді.
Айта кетейік, Карабутов пен Дінмұхаметов бұған дейін Филиппинде өткен 2026 жылғы Азия чемпионатында көзге түскен. Наурыз айында қазақстандық жұп мэдисон жарысында күміс медаль жеңіп алған.
Қазақстан командалық спринттегі жарысын да аяқтады. Кирилл Курдиди, Данияр Шаяхметов және Дмитрий Резанов бірінші раундта 44,221 секунд нәтиже көрсетіп, Малайзиядан (44,210) жеңіліп қалды.
Еске салайық, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.