Стенд ату: қазақстандықтар Азиадада үздік сегіздікке енді

Фото: Никита Басов
Екі қазақстандық спортшы Аити мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында трап бағдарламасы бойынша жеке сайыста үздік сегіздікке енді.
Ерлер арасындағы финалда Әлішер Айсалбаев жарысты жетінші орынмен аяқтады. Бұған дейін осы Азиадада ол Даниил және Марк Почиваловтармен бірге командалық трап сайысында қола медаль жеңіп алған еді.
Әйелдер арасындағы жарыста Элеонора Ибрагимова финалға шығып, сегізінші орынға ие болды. Алтын жүлдені Үндістан өкілі Ниру Дханда жеңіп алды. Ол 28 нысананы дәл атып, Азия ойындарының рекордын жаңартты. Күміс жүлде Қытай спортшысы Сунь Юньнунға бұйырды. Қаңтар айында Ибрагимова Дохада өткен Азия чемпионатында жеке трап бағдарламасында күміс жүлдегер атанған болатын.
Еске салайық, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның орталығы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.